Месси әлде Роналду? Қайрат Боранбаев кімді таңдады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазір екі футболшы да мансаптарының соңғы кезеңдерін өткізіп жатқанына қарамастан биыл әлем чемпионатына қатысады. 

Месси әлде Роналду? Қайрат Боранбаев кімді таңдады
Vesti.kz

"Қайрат" ФК басшысы Қайрат Боранбаев "Месси ме, Роналду ма?" деген мәңгі дауға айналған сұраққа жауап берді. Блиц-сұхбат барысында ол өзінің командасына Криштиану Роналду немесе Лионель Мессидің бірін шақыру мүмкіндігі болса, кімді таңдайтынын айтты. 

Таңдау – Месси

Сұраққа Боранбаев қысқа әрі нақты жауап берді:

— "Тегін Роналду ма, әлде Месси ме?"
— "Месси".

Бұл пікір Youtube-тағы ArchiBall арнасына берген сұхбатында айтылды.

Футболшылардың қазіргі көрсеткіштері қандай?

Лионель Месси

  • 2023 жылдан бері "Интер Майами" клубында ойнайды;
  • 89 матчта 77 гол;
  • 44 нәтижелі пас.

Криштиану Роналду

  • Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының ойыншысы;
  • 131 матчта 115 гол;
  • 23 нәтижелі пас.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір