"Реал" Ла Лигадағы жағдайын кезекті жеңілістен кейін одан бетер қиындатып алды.
Мадридтік "Реал" клубының жанкүйерлері Испания Ла Лигасының 26-туры аясында өз алаңында "Хетафеден" жеңілгеннен кейін клуб президенті Флорентино Перестің қызметінен кетуін талап етті. Кездесу 0:1 есебімен аяқталды.
Marca басылымының журналисі Мигель Анхель Торибионыӊ хабарлауынша, ойын аяқталған соң "Сантьяго Бернабеу" стадионының трибуналарында:
"Флорентино – отставкаға кет!", – деген ұрандар естілген.
Еске сала кетейік, бұл жеңіліс «Реал» үшін Ла Лигадағы қатарынан екінші, ал команданың жаңа бас бапкері Альваро Арбелоа үшін 12 матчтағы төртінші жеңіліс болды. Осы ойыннан кейін 60 ұпай жинаған "Реал" Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Көш басында 64 ұпайы бар "Барселона" келеді.