Италия әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Италия спорт басшылығы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Иран құрамасының орнына қатысу туралы ұсынысты қабылдамады.

Италия әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
AP

Бұған дейін АҚШ-тың арнайы өкілі Паоло Дзамполли ФИФА-ға Иранның орнына Италияны қатыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. Футбол федерациясы Замполлидің ұсынысын ресми қарастырған жоқ және бастаманы Италия өкілдері де қолдамады.

"Мен Италияның тумасымын және АҚШ-тағы турнирде ұлттық құраманы көрсем қуанар едім. Олардың төрт титулы бар".

Италия неге қатыспайды?

Италия құрамасы плей-оффта Босния және Герцеговина құрамасынан пенальти сериясында жеңіліп, қатарынан үшінші рет әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін жіберіп алды. Елдің экономика министрі Джанкарло ұсынылған идеяны "ұят" десе, спорт министрі Андреа Абоди басқа мемлекеттің орнына қатысуды қолдамайтынын білдірді.

“Бұл біріншіден мүмкін емес, екіншіден орынсыз. Әлем чемпионатына жолдама тек ойын алаңында анықталады.”

Олимпиада комитетінің президенті Лучано Буонфильо да бұл идеямен келіспей чемпионатқа қатысу үшін оған лайық болу керек екенін айтты.

Иранның қатысуы расталды

Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж құраманың турнирге дайындалып жатқанын растады. Түркияға сапарынан кейін Инфантино матчтар АҚШ-та жоспарланғандай болатынын растады, өйткені Иран футбол федерациясы матчты Мексикаға көшіру туралы "келіссөздер жүріп жатыр" деп мәлімдеген. Қазіргі таңда Иранның турнирге қатысуына байланысты ешқандай ресми өзгеріс жарияланған жоқ.