Әлем чемпионатының жүлде қоры ұлғая ма?

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар үшін жүлде қоры мен қаржылық төлемдерді арттыру мәселесін қарастырып жатыр.

Әлем чемпионатының жүлде қоры ұлғая ма?
Getty Images

Жүлде қоры артуы мүмкін

Ұйым өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта ұлттық қауымдастықтармен келіссөздер жүргізілуде. Негізгі мақсат – турнирге қатысатын 48 құраманың шығындарын өтеу және қаржылық қолдауды күшейту.

Бұған дейін ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры 727 миллион доллар болатынын хабарлаған. жүлдеге 655 млн доллар жұмсалады деп жоспарлануда. Соған сәйкес чемпион команда шамамен 50 миллион, финалист 33 миллион долларға ие болады. Ал әрбір қатысушы құрама кемінде 10,5 миллион доллар иеленеді. Бірақ бұл сома алдағы уақытта қайта қаралуы мүмкін.

УЕФА бюджетті ұлғайтпақ

УЕФА бірнеше қауымдастықтың атынан ФИФА-ға жүгініп, турнирге қатысу шығындарының жоғары екенін хабарлаған. Әсіресе логистика, ұйымдастыру шығындары, салық мәселелері қалтаға күш түсіреді.

"Бұл 2026 жылғы Әлем кубогына іріктеуден өткен барлық командалар үшін қаржылық жарналарды ұлғайтуды. Сондай-ақ жалпы 211 қауымдастық үшін дамуды қаржыландыруды қамтиды”

ФИФА жоспары бойынша әрбір қатысушы елге дайындық үшін шамамен 1,5 миллион доллар бөлінеді. Жалпы 2023-2026 жылдар аралығындағы табыс 11 миллиард доллардан асады деп күтілуде.

Ұйым бұл турнирді “әлем футболының дамуына қаржылық тұрғыдан серпіліс әкелетін жоба” деп бағалап отыр. Бұл ұсыныс футбол федерациясының алдағы отырысында қаралады, егер мақұлданса, жүлде қоры ресми түрде ұлғаяды. Еске салсақ, биыл мундиаль АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.