Дастан Сәтпаевтың "Қайраттағы" соңғы матчы қашан өтетіні белгілі болды

Бас редактор

Жазда жас шабуылшы Англияға аттанып, лондондық "Челси" құрылымына қосылады.

Дастан Сәтпаевтың "Қайраттағы" соңғы матчы қашан өтетіні белгілі болды
Vesti.kz

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың "Қайрат" сапындағы соңғы ойыны қашан өтетіні белгілі болды. Атап айтқанда, "Қызылжарға" қарсы матчта жас жұлдыз “Қайрат” жейдесін соңғы рет киеді. Ойын 17 маусымға жоспарланған. 

Осы матчтан кейін жас шабуылшы алматылық командадағы мансабын аяқтап, жаңа белеске қадам жасайды. Яғни жазда Англияға аттанып, лондондық "Челси" құрылымына қосылады.

"Челсиге" қашан қосылады?

Дастан Сәтбаев 1 шілде күні ресми түрде "Челси" базасына барады деп күтілуде. Сол күннен бастап ол ағылшын клубындағы дайындық процесіне қатыса бастайды.

Ақпаратқа сәйкес, дәл осы кезеңде Хаби Алонсо "Челсидің" қазіргі және жаңа жас ойыншыларына арналған арнайы оқу-жаттығу жиынын бастамақ. Сәтбаев та осы топпен бірге жұмыс істейді.

Алонсо Сәтбаевтың ойынымен таныс

Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевтың ойын мәнерін жақсы біледі. 2025 жылдың қыркүйегінде ол "Реалды" жаттықтырған кезде Алматыда "Қайратқа" қарсы Чемпиондар лигасы матчында командасын бастап шыққан.

Енді испаниялық маман "Челси" жүйесінде қазақстандық футболшының дамуына қатысуы мүмкін.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10 ақпанында "Қайрат" 16 жастағы Дастан Сәтбаевтың лондондық "Челсиге" ауысатынын ресми жариялаған еді.

Клуб трансфер сомасын ашық көрсеткен жоқ. Алайда журналист Иван Карповтың мәліметінше, келісімнің тіркелген бөлігі 2,4 миллион еуроны құрайды. Ал бонустарды есептегенде трансфер құны 4,3 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Сәтпаевтың "Челсимен" келісімшарты 5 жылға есептелгені хабарланды.