Абдукодир Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

Бокс шолушысы

Өзбекстан құрамасы мен "Манчестер Сити" қорғаушысының трансферлік құны айтарлықтай өсті.

Абдукодир Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы атанды
dailysports.net

Бағасы 50 миллион еуроға жетті

Transfermarkt деректерінің маусым айындағы жаңартуынан кейін 21 жастағы футболшының нарықтық бағасы 15 миллион еуроға өсіп, 50 миллион еуроға жетті. Осылайша Хусанов Азия құрлығындағы ең қымбат футболшы атанды. Сонымен қатар Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін посткеңестік елдер өкілдері арасындағы ең қымбат ойыншы мәртебесіне ие болды.

Transfermarkt мамандары өзбекстандық қорғаушының ағылшын футболына сәтті бейімделгенін және соңғы айларда “Манчестер Сити” сапында маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Аяқталған маусымда Абдукодир Хусанов “Манчестер Сити” сапында барлық турнирде 37 матч өткізді. Қорғаушы нәтижелі пас немесе голмен көзге түспесе де, қорғаныстағы жұмысы жоғары бағаланды.

Ол екі рет команда ішіндегі айдың үздік ойыншысы атанды. Хусанов бұл марапатты қаңтар және наурыз айларында жеңіп алған.

Хусанов “Манчестер Ситимен” екі трофей жеңіп алды

Өзбекстандық футболшы үшін Англиядағы алғашқы кезең сәтті өтті. Ол “Манчестер Сити” сапында екі трофей иеленді.

Хусанов командамен бірге Англия кубогын және Лига кубогын жеңіп алды. Бұл жетістіктер оның клубтағы мәртебесін күшейтіп, Еуропа футболындағы беделін арттыра түсті.