Сәтпаев "Қайратпен" қоштасатын күнін айтты

Жекпе-жек шолушысы

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жас вингері Дастан Сәтпаев Англияға аттанар алдындағы соңғы ойындары қашан өтетінін айтты.

Сәтпаев "Қайратпен" қоштасатын күнін айтты
фото ашық дереккөзден алынды

Сәтпаевтың “Қайраттағы” соңғы ойындары

Дастан Сәтпаевтың айтуынша, оның алматылық клубтағы соңғы матчтары “Қызылжарға” қарсы өтеді. Жас футболшы маусым айының соңында Алматыдан Лондонға кетуі мүмкін екенін де растады. Бұл туралы блогер Артур Асқарұлы хабарлады.

“Иә, солай болуы ықтимал. Әзірше соңғы матчым 17 немесе 21 маусымға жоспарланып тұр. Үйдегі ойын 17 маусымда өтетіні анық”, — деді Сәтпаев блогермен әңгімесінде.

“Қайрат” 17 маусым күні Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген 17-туры аясында “Қызылжарды” қабылдайды. Ал 21 маусымда 14-тур шеңберінде Петропавлға аттанады. 

Лондонға сапар және “Челсидегі” жаңа кезең

Осы матчтардан кейін 17 жастағы қазақстандық вингер Лондонға аттанып, “Челсидің” маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қосылуы мүмкін.

Ағылшындық клубта жаңа бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен жұмысын бастайды. Бұл кезең жас футболшы үшін мансабындағы ең маңызды белестердің бірі болмақ.

Еске салайық, Дастан Сәтпаевтың “Челсиге” трансфері 2025 жылдың ақпан айында рәсімделген. Келісім шарттарына сәйкес, Сәтпаев кәмелет жасына толмайынша Англияға толыққанды көшіп бара алмайтын болған. Сондықтан осы уақытқа дейін “Қайрат” сапында өнер көрсетіп келді.