ӘЧ-2026: Қазақстанда қайдан көруге болады?
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының барлық матчтарын тікелей эфирде тамашалай алады.
Трансляция қай арналарда болады?
Чемпионат матчтарының тікелей көрсетілімі Қазақстанда республикалық "Qazaqstan" және спорттық "Qazsport" арналары арқылы ұйымдастырылады.
Бұл футбол жанкүйерлеріне әлем біріншілігінің негізгі матчтарын, топтық кезең ойындарын, плей-офф кездесулерін және финалды тікелей эфирде көруге мүмкіндік береді.
Әлем чемпионаты қашан өтеді?
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
Турнир алғаш рет үш елде ұйымдастырылады. Мундиальді АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды.
Турнирдің басты фавориттері кімдер?
Мамандардың бағалауынша, алдағы әлем чемпионатының басты фавориттері қатарында Испания және Франция құрамалары бар.
Ал қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы. 2022 жылы Катарда өткен мундиаль финалында аргентиналықтар Францияны пенальти сериясында жеңген еді. Негізгі және қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталып, пенальтиде Аргентина 4:3 есебімен басым түсті.