"Ордабасы" атауын өзгертеді

Бас редактор

Шығарылым барысында сондай-ақ Ислам Чесноковке Шымкентке ауысуы туралы да сөз болды. 

Биыл шымкенттік “Ордабасы” екінші мәрте Қазақстан чемпионы атануды көздеп отыр. Клуб жекенің қолына өткелі бері ойынын ғана күшейтпей, жанкүйерлерінің санын күрт көбейтті. Командада білікті бапкерлермен қатар маркетинг саласының мамандары да қызу жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде Шымкентте өтетін әрбір ойында солд-аут болады.

“Бірінші болдың” бүгінгі шығарылымы дәл осы “Ордабасы” ұжымына арналды. Студияға қонаққа клуб президенті Дархан Қызайбай мен амбассадоры әрі басшылық құрам өкілі Бейбіт Әлібеков келді.

“Бірінші бол” резиденттері тек “Ордабасы” емес, ҚПЛ-дегі өзге де жаңалықтарға жеке тоқталып, жалпы отандық футболды дамыту мәселелерін талқылады.