Қазақстан мен Армения жеңімпазды анықтай алмады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Футболдан Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстан мен Армения жеңімпазды анықтай алмады (ВИДЕО)
Instagram/@kff_team

Бірінші таймда есеп ашылмады

Кездесудің алғашқы 20 минутында алаң иелері белсенді қимылдап, Қазақстан құрамасын қорғаныста ойнауға мәжбүр етті. Кейін ойын біртіндеп теңесіп, екі команда да қарсылас қақпасы маңында бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды.

Бірінші таймдағы ең нақты мүмкіндіктердің бірі Наир Тикнизянға тиесілі болды. Ол айып алаңының ортасынан соққы жасағанымен доп қақпа маңынан сәл қиыс кетті. Осылайша үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Самородов Қазақстанды алға шығарды

Екінші тайм бастала салысымен Армения құрамасы қайта шабуылға шықты. Бірақ Қазақстан құрамасы жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырып, Максим Самородов шабуылды нәтижелі аяқтады.

Осылайша 50-минутта Қазақстан құрамасы есепте алға шықты. 

Дегенмен қазақстандықтардың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Арада үш минут өткенде Эдуард Сперцян алыстан допты қақпаның бұрышына бағыттады. Бекхан Шайзада бұл соққыны қайтара алмады.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Венгрияға қарсы өткізеді. Матч Дебрецен қаласында өтеді деп жоспарланған.