Қазақстан Сербияны жеңіп, Еуро іріктеуінде сенсация жасады (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

19 жасқа дейінгі футболшылардан құралған жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Сербияны сенімді түрде жеңді.

Қазақстан Сербияны жеңіп, Еуро іріктеуінде сенсация жасады (ВИДЕО)
Instagram/@kff_jastar

Сербия алғашқы болып есеп ашты

Сербия құрамасы 9-минутта мергендік таныттты. Гол Давид Миловановичтің еншісіне жазылды. 

Алайда бұл нәтижелі соққы Қазақстан құрамасын састырған жоқ. Тайм ортасында отандастарымыз жауап қайтарды. 25-минутта Төре Ысмағұлов есепті теңестірді. Осы голдан кейін Қазақстан ойын ырғағын өз қолына алып, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндіре бастады.

Бекболат дубль жасады

Екінші таймның басында Қазақстан шабуылдағы қарқынын күшейтті. Нәтижесінде Ысмайыл Бекболат қысқа уақыт ішінде екі рет мергендік танытып, дубль авторы атанды.

Осылайша Қазақстан U-19 құрамасы Сербияны 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан іріктеуді сенсациямен бастаған

Айта кетейік, Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңін Португалияға қарсы матчтан бастаған. Сол кездесуде фавориттердің бірі саналатын Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнап, үлкен сенсация жасады.

Отандастарымыз келесі ойынын 9 маусымда өткізеді. Бұл жолы қарсылас — шағын турнирді қабылдап жатқан Грекия құрамасы.

6-топтан жарыстың келесі кезеңіне үш үздік команда жолдама алады. Сондықтан Сербияны жеңу Қазақстан құрамасы үшін турнирлік тұрғыдан өте маңызды нәтиже болды.