ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Елім-Айдың" 29 жастағы футболшысы жол апатынан көз жұмды

Жол апаты Абай – Қарағанды тасжолында болған.

"Елім-Айдың" 29 жастағы футболшысы жол апатынан көз жұмды
Informburo.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 29 жастағы футболшы, көкшетаулық "Елім-Ай" клубының ойыншысы Илья Буртовой көз жұмды. 

Өңірлік ПД мәліметінше, апат 6 маусымда Дубовка кенті маңындағы автожолдың 1-шақырымында, Абай — Қарағанды тасжолында болған. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі, 21 жастағы ер адам, көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол 44 жастағы жүргізуші басқарған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Илья Буртовой профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Илья Буртовойдың мансабы

Илья Буртовой футболдағы кәсіби жолын 2015 жылы "Шахтер-Болат" командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының "Прогресс" клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсетті. Сонымен қатар ол "Скаут" балалар футбол клубының жаттықтырушысы болды. 

2025 жылы Буртовой Көкшетаудың "Елім-Ай" клубы сапында Қазақстан кубогы мен Бірінші лига матчтарында өнер көрсетті.

Айта кетейік, Илья Буртовой 1996 жылы дүниеге келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.