Әйгілі рэпер Аргентинаның кесірінен $1,5 миллионнан қағылды

Спорт шолушысы

Ол 2022 жылдың финалында да Аргентинаның жеңісіне (негізгі уақытта) 1 млн доллар бәс тігіп, ұтылып қалған еді. 

Әйгілі рэпер Аргентинаның кесірінен $1,5 миллионнан қағылды
rbc.ru

Канадалық танымал рэпер Дрейк Әлем чемпионатының финалына бәс тігіп, тағы да жеңіліп қалды. Аргентинаның жеңісіне сенімді болған ол букмекерлік кеңсе арқылы 1,5 млн долларын бәске қойған. Нәтижесінде Испания әлем чемпионы атанып кетті.

Букмекерлер Аргентинаның жеңісіне 3,45 коэффицент берген. Егер Дрейк жеңгенде 5 млн долларға ие болатын еді.

Бұған дейінгі бәс тігу

Жалпы, канадалық рэпердің бұл алғашқы жеңілісі емес. Мәселен, 2022 жылдың финалында ол Аргентинаның жеңісіне (негізгі уақытта) 1 млн доллар тігіп ұтылған еді. Аталған мундиальда Мессидің командасы чемпион болғанымен, негізгі уақытта ойын тең аяқталған еді.

Бұдан бөлек, Дрейк Супербоулда “Нью-Ингленд Пэтриотс” командасының, UFC-дже Конор Макгрегордың, US Open турнирінде Янник Синнердің жеңісіне ақша тігіп жеңілген.

Осы оқиғалардан кейін интернет қолданушылары “Дрейктің қарғысы” деген термин ойлап тапты. Яғни, рэпер кімге бәс тігеді, сол жеңіледі деп әзілдейді олар.