Стас Покатилов "Сабахтың" Чемпиондар лигасындағы өтініміне енді
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" клубымен бірге 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Әзербайжандық команда Покатиловты турнирдің негізгі кезеңіне қатысатын футболшылар тізіміне енгізді. Клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне 26 футболшыны тіркеді. Қазіргі уақытта команда өтінімге өзгеріс енгізуді жоспарлап отырған жоқ.
Қақпашылар: Амин Рамазанов, Рауф Эюбов, Стас Покатилов, Раван Мирзаммедов. Покатилов командадағы негізгі қақпашылардың бірі ғана емес, "Сабахтың" капитаны саналады.
Чемпиондар лигасындағы қарсыластары
2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жеребе нәтижесінде "Сабах" бірнеше еуропалық алпауыттармен кездеседі. Әзербайжандық клуб өз алаңында "Барселона", "Боруссия" , "Наполи" және "Славия" командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңда "Арсенал", "Манчестер Юнайтед", "Вильярреал" және "Викингке" қарсы ойнайды.
Алдағы маусым Әзербайжан клубы үшін ерекше мәнге ие. "Сабах" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.
Команда бұл жетістікке іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Израильдің "Хапоэль" клубын екі ойынның қорытындысы бойынша жеңу арқылы қол жеткізді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.