ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Каспийдің" экс-шабуылшысы ФИФА-ға шағымданды

Ақтаудың "Каспий" клубында өнер көрсеткен бразилиялық шабуылшы Густаво Франса командадан жалақысына қатысты қарызы өтелмегенін айтып, Халықаралық футбол федерациясына жүгінген.

"Каспийдің" экс-шабуылшысы ФИФА-ға шағымданды
ASnews.kz

Бұл туралы футболшы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Густаво Франса Қазақстандағы қысқа мерзімді мансабы кезінде қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты. Оның сөзінше "Каспий" клубында жалақы төлемдеріне байланысты мәселе туындаған.

"Маған жалақы төленбеді. Сондықтан ФИФА-ға жүгіндім. Қазір "Каспийдің" менімен есеп айырысуын күтіп отырмын. Клубқа келген кезімнен бастап жалақының төленбеуіне байланысты мәселелер болды. Олар келісімшарт талаптарын орындамады", – деді Густаво Франса.

Густаво Франса "Каспиймен" 21 наурызда ресми келісімшартқа отырған. Алайда бразилиялық шабуылшы ақтаулық клубта ұзақ уақыт қалмай, 1 шілдеде командадан кеткен.

Футболшы "Каспий" сапында барлығы алты матч өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.