ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Каспийдің" жаңа бас бапкері белгілі болды

Ақтаулық "Каспий" футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды.

"Каспийдің" жаңа бас бапкері белгілі болды
instagram/official_fctaraz

Команданы Руслан Эсатов басқаратын болды. Еске салсақ, Эсатов бұған дейін де ақтаулық клубта жұмыс істеген. Өткен маусымда оның жетекшілігімен "Каспий" Бірінші лиганың чемпионы атанып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған.

Клуб маманның командаға қайта қосылғанын ресми түрде жариялап, сәттілік тіледі.

"Қош келдіңіз, Руслан Сайцалиевич! Қайтадан бірге жаңа мақсаттарға!"

Жаттықтырушылар штабы жаңарды

Бас бапкердің тағайындалуымен қатар "Каспийдің" жаттықтырушылар құрамына да өзгерістер енгізілді. Асхат Құсайынов бас бапкердің көмекшісі қызметіне тағайындалса, Ерлан Махамбедиев команданың аналитикалық жұмысына жауап береді.

Жақында ақтаулық команда Ерлан Шойтымовтың қызметінен кеткенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда "Каспий" ҚПЛ турнирлік кестесінде 23 ұпаймен 10-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.