Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" қарсыласын аямай, бес гол соқты

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында Павлодардың "Ертіс" командасын ірі есеппен жеңді.

"Қайрат" қарсыласын аямай, бес гол соқты
instagram.com/f.c.kairat/

"Қайрат" бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешті

"Қайрат" алғашқы таймда қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып, үзіліске дейін-ақ сенімді басымдыққа ие болды. Небәрі 19 минут ішінде алматылықтар үш мәрте мергендік танытты. Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль дубль авторы атанса, тағы бір голды Эдмилсон соқты.

Үзілістен кейін павлодарлық команданың бапкерлер штабы қақпашыны ауыстырды. Мирас Рихардтың орнына Богдан Сарнавский алаңға шықты. Бірақ бұл өзгеріс қонақтарды кезекті голдардан құтқара алмады.

Екінші таймда Марк Гуаль тағы бір мәрте көзге түсіп, хет-трик рәсімдеді. Ал кездесудің соңғы голын Азамат Тұяқбаев айып добынан тікелей соқты.

Осылайша "Қайрат" "Ертісті" 5:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайды қоржынына салды.

Алматылықтар чемпиондық жарыстағы мүмкіндігін сақтап қалды

Бұл жеңістен кейін алматылық клуб 63 ұпай жинады. "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орында тұр.

Ал көш басындағы Шымкенттің "Ордабасы" командасы 67 ұпай жинаған. Екі клубтың арасындағы айырмашылық – төрт ұпай. "Ертістің" еншісінде 26 ұпай бар. Павлодарлық ұжым турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасып, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын