
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылы үш құрлықта өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын арттыру мәселесін қарастырып жатыр.
The New York Times басылымының мәліметінше, 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысушы құрамалар саны 64-ке дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл шешім әлем чемпионатының 100 жылдық мерейтойына орай қабылдануы ықтимал.
ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл ұсынысқа ерекше назар аударуда. Ол басшылық еткен кезде 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар саны 32-ден 48-ге дейін артқан.
Турнир Испания, Португалия және Марокко елдерінде өтеді. Ал алғашқы үш ашылу матчын Уругвай, Аргентина және Парагвай қабылдайды. Турнирдің алғашқы ойыны 1930 жылы өткен алғашқы әлем чемпионатының дәл 100 жылдығына сәйкес келеді.
Қазақстан құрамасы J тобына түсті және Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен бақ сынайды.
Егер ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысушылар санын арттыру туралы шешім қабылдаса, Қазақстан құрамасының алғаш рет мундиальға жолдама алу мүмкіндігі арта түспек.