Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Футболдан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Кубогы ережесі бойынша жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге бірінші және екінші лигадағы клубтар қатысады.

Футболдан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті
kff.kz

Бірінші іріктеу кезеңі 15-23 наурыз аралығында Алматыда өтеді. 16 команда екі топқа бөлініп “Хан-Тәңірі” және Евстафий Пехлеваниди академиясының стадиондарында ойнайды. Жеребе қорытындысы бойынша клубтар Қазақстан Кубогының 1/8 финалға жолдама алу үшін бақ сынайды.

1 топ

"Тараз" – "Талас"
"Хан-Тенгри" – "Арыс"
"Алтай" – "Жетісай"
"Екібастұз" – "Мақтаарал"

2 топ

"Ертіс" – "Шахтер"
"Түркістан" – "SD Family"
"Жас Қыран" – AKAS
"Каспий" – "Оңтүстік"

Ойын нәтижесінде әр топтың жеңімпаздары 1/8 финалға өтеді. Жарыстың екінші кезеңінде 2025 жылы Премьер лигада өнер көрсететін 14 команда қосылады.

Ендеше 1/8 финалдың екінші кезеңіндегі жеребе нәтижесі:

"Қызылжар" – "Қайсар"
"Ұлытау" – "Елімай"
Алғашқы кезең жеңімпазы – "Ордабасы"
"Қайрат" – Алғашқы кезең жеңімпазы
"Тұран" – "Атырау"
"Тобыл" – "Жетісу"
"Жеңіс" – "Ақтөбе"
"Оқжетпес" – "Астана"

Айта кетейік, 1/8 финал матчтары сәуір айының 12-13 күндері өтеді.

Еске салайық, Қазақстан Кубогының жеңімпазы келесі жылы өтетін УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде еліміздің атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір