Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
21.03.2025, 18:22

Ресейлік маман сондай-ақ, қазақстандық футбол жанкүйерлеріне өз тілегін жеткізді.  

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов алдағы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс және Лихтенштейнге қарсы матчтар алдында ұлттық командаға қолдау білдірді.

«Қазақстан құрамасына Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарда сәттілік тілеймін! Бұған дейінгі іріктеу циклындағы жинақтаған тәжірибем жаңа бапкерлер штабының еңбегімен ұштасып, алдағы матчтарда көмектеседі деп сенемін. Сонымен қатар, қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мерекесімен және көктемнің келуімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді ресейлік маман.

Станислав Черчесов 2023 жылдың жазында Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған болатын. Алайда оның жетекшілігімен команда Ұлттар Лигасының В дивизионында Норвегия, Аустрия және Словениямен бір топта соңғы орыннан әрі аса алмады. 2025 жылдың басында Қазақстан футбол федерациясы ресейлік бапкермен келісімшартты тоқтатты.

Айта кетейік, бас бапкер Әли Әлиев Уэльске қарсы матчқа қатысты пікірін білдіріп, қарсыласты таңқалдыруға уәде берген болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір