Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тағы бір қазақстандық футболшы еуропалық клубта бағын сынамақ

Редактор Penalty.kz
21.03.2025, 19:25

Жақын арада Рауль Аллахвердиев Бельгияның «Гент» клубына ауысуы мүмкін.

jenisfk.kz
jenisfk.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Рауль Аллахвердиев кәсіби мансабын көп ұзамай Еуропада жалғастыруы мүмкін. Meta-ratings.kz дерегінше, 18 жастағы талант иесі Бельгияның әйгілі «Гент» клубымен келісімшартқа отыруға жақын.

Алғашқы қадам – жастар командасы

Жоспар бойынша, Аллахвердиев сәуір айының бірінші жартысында Бельгияға ұшып барып, келісімшартқа қол қояды. Бастапқыда ол «Генттің» 21 жасқа дейінгі жастар командасында өнер көрсетеді.

Ерте дебют, жоғары баға

Рауль кәсіби футболдағы алғашқы ойынын небәрі 15 жасында елордалық «Жеңіс» сапында өткізді. 2023 жылы Transfermarkt порталы оны жасы бойынша әлемдегі ең қымбат 50 футболшының қатарына қосып, 45-орынға орналастырды. Оның сол кездегі нарықтық бағасы 175 мың еуроға бағаланған – бұл өз жасындағы қазақстандық футболшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Айта кетейік, Әзірбайжан футбол федерациясы да Раульге қызығушылық танытқан, алайда шабуылшы Қазақстан құрамасында ойнауды жөн көргенін айтқан.

«Гент» клубы туралы не білеміз?

Koninklijke Atletiek Associatie Gent – 1864 жылы құрылған Бельгияның танымал футбол клубы. Футбол командасы ретінде 1900 жылдан бастап жұмыс істейді. 1989/90 маусымынан бері Жоғары дивизионында өнер көрсетіп келеді.

Клубтың жетістіктері:

  • Бельгия чемпионы: 2014/15 маусымы
  • Бельгия кубогының жеңімпазы: 1963/64, 1983/84, 2009/10

Қазіргі таңда «Гент» Бельгия чемпионатында бірінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір