Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тағыбергеннің табысына қатысты: Белгілі комментатор Шымкент әкімін сынға алды

Редактор Penalty.kz
21.03.2025, 17:37

Танымал комментаторлар футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турының басталуына орай подкаст жазып, қазіргі өзекті мәселелерді қаузаған болатын. 

Meta-ratings.kz
Meta-ratings.kz

Қазақстандық спорт комментаторлары Ермұхамед Мәулен, Ербол Қайыров, Олжас Байбосын, Айбек Қабылша, Нұршапағат Несіпбаев және Уәлихан Қосанбай футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турының басталуына орай подкаст жазып, қазіргі өзекті мәселелерді талқыға салды. Бұл туралы Offside.kz хабарлады. 

Ербол Қайыров: "Футболшының жалақысы – құпия ақпарат"

Подкаст барысында комментаторлар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің капитан Асхат Тағыберген туралы даулы мәлімдемесін сөз етті. Ербол Қайыров бұл пікірмен келіспейтінін білдіріп, әкімнің әрекетін сынға алды:

“Жеке басым ол ақпаратқа сенбеймін. Себебі өзім басқа ақпарат жайында естідім. 1,5 есе кем алады.  Сондықтан да Ғабит Сыздықбековтің ақпараты жалған. Екіншіден, әкім мырза неліктен бүкіл қоғамға оның жалақысының жариялайды?! Келісімшарттың ішінде тиісті пункт бар ғой. Ешкім айтпауы тиіс еді. Бірақ айтты. Ертең Асхат Тағыберген сотқа жүгінсе  не болады? Сонымен қатар Асхат ойнамай жүр дегені дұрыс емес,” – деді Қайыров.

Еске сала кетейік:

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесуде “Ордабасы” капитанының ай сайын 20 миллион теңге жалақы алатынын мәлімдеп, оны сынға алған болатын. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Асхат Тағыбергенді қорғап, жұбайы ресми мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, футболшыны туған клубы “Қайсар” мен Қазақстан құрамасындағы әріптестері де қолдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 5
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір