"Үнсіз қалу дұрыс емес" — Асхат Тағыбергеннің әйелі Шымкент әкімі айтқан сынға жауап берді (ВИДЕО)
"Ордабасы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің әйелі Махаббат футболшыға қатысты сын мен Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің пікіріне жауап берді.
Instagram/@tagybergen_mahabbat
Капитанның жұбайы сынға қатысты пікір білдірді. Махаббат Тағыберген өзінің Instagram парақшасында:
"Жұбайы ретінде Асхаттың футболға қосқан үлесіне, адалдығына және алаңдағы толықтай берілуіне әрқашан мақтанамын.
Мен ешкіммен дауласпаймын, бірақ әділетсіздікке үнсіз қалу да дұрыс емес. Әр жанкүйерге құрметпен қараймын, бірақ бір маусымның нәтижесімен ғана баға беріп, оның жақсы сәттерін ұмытуға болмайды.
Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін!" – деп жазып, жұбайының алаңдағы үздік сәттерінен құралған видеоны жариялады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet