Ұлттық құрама әлем чемпионатында Испанияны шаң қаптырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатының IB дивизионы аясында турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ұлттық құрама әлем чемпионатында Испанияны шаң қаптырды
Қазақстан хоккей федерациясы

Турнирдің үшінші турында ұлттық құрама Пучсерда қаласында Испания командасымен кездесті. Ойын айтарлықтай шиеленісті өтті. Матч барысында Надежда Филимонова мен Анастасия Оразбаева қарсыластың қақпасына шайба соқты.

Испаниялықтар да қалыс қалмай таразы басын теңестірсе де , үшінші кезеңде Филимонова дубль жасап, ұлттық құрама 3:2 есебімен басым түсті. Бұған дейін команда Латвия құрамасынан буллиттер сериясында есе жіберіп, нидерландылық ойыншылардан 3:0 есебімен жеңілген еді.

Турнир рейтингі

Үш матчтан кейін Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, рейтингте 5-орында тұр. Турнирдің қазіргі көшбасшылары 9 ұпаймен Нидерланды, Ұлыбритания (6) және Латвия құрамасы (3) үштікті түйіндеді. Ал 3 матч бойы жеңіліске ұшыраған Испания ұпайсыз рейтингте соңғы орында тұрақтады.

Турнир жеңімпазы IA дивизионына көтерілсе ең әлсіз команда IIA лигасына түседі. Ұлттық құрама 17 сәуірде Оңтүстік Кореямен және келесі күні Ұлыбританиямен кездесу өткізеді.