Қазақстан Словенияны ойсырата жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі хоккей құрамасы жолдастық матчта Словенияны ірі есеппен жеңді. 

Қазақстан Словенияны ойсырата жеңді
Қазақстан хоккей федерациясы

Ұлттық құрама Словениямен өткен кездесуде 4:1 есебімен басым түсті. Құрама сапындағы ойыншылар Хафаров пен Ануфриев шайба соғып, Бигаринов дубль жасады. Бұл кездесу ӘЧ қарсаңындағы бақылау ойыны болды. Қазақстандық хоккейшілер дәл осы Словения құрамасымен турнирде де кездеседі. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) 18-24 сәуір аралығында Польшаның Крыница қаласында өтеді.

Ал Жоғарғы дивизион турнирінде құрамалар Словакияның Тренчин және Братислава қалаларында 22 сәуірі мен 2 мамыр аралығында кездеседі. Көршілес Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы 2-8 наурыз аралығында Гонконгта өткен IIIA дивизионының әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Турнирде өзбек хоккейшілерінің қарсыластары Гонконг, Филиппин, Моңғолия, КХДР және Люксембург командалары болған.

 Матч кестесі

  • 18 сәуір – Венгрия vs Қазақстан
  • 19 сәуір – Қазақстан vs Польша
  • 21 сәуір – Украина vs Қазақстан
  • 23 сәуір – Польша vs Қазақстан
  • 24 сәуір – Қазақстан vs Словения

Күні кеше қазақстандық әйелдер құрамасы хоккейден Испанияны 3:2 есебімен жеңіп, рейтингте 5-орынды иеленген.