Қазақстандық хоккей клубы таратылды
"Арлан" хоккей клубы барлық ойыншылармен және бапкерлік штабпен қоштасқанын хабарлады.
Клуб мәліметінше, шешім Көкшетау прокуратурасының ұсынысы негізінде қабылданған. 31 наурыздан бастап барлық ойыншылар және жаттықтырушылармен келісімшарттар тоқтатылған.
“2026 жылдың 13 сәуірінде клуб ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына және клуб қызметкерлеріне жалақы, демалыс және пайдаланылмаған демалыс үшін барлық қарыздарды жауып тастады"
Маусым нәтижесі
2025/26 маусымда “Арлан” чемпионатты 73 ұпаймен 4-орында аяқтап, ширек финалда жарыстан шықты. Осылайша команда 2024/25 маусымда жеңген чемпиондық атағын қорғай алмады.
Жаңа бапкер
Клубтағы өзгерістер мұнымен шектелмейді. Жақында ғана Петерис Скудра көкшетаулықтарға бас бапкер боп тағайындалған. Скудра “Сарыарқа” клубымен 2021/22 маусымында чемпион атанған. ҚХЛ-да “Северсталь”, “Сибирь”, “Торпедо”, “Трактор” және “Динамо” клубтарын басқарған.