Хоккейшілер әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі

Хоккейден Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы ӘЧ IA дивизионында күміс жүлдені мерзімінен бұрын иеленді.

Хоккейшілер әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі
instagram/@kazakhstanhockey

Шешуші матчта Швейцарияға есе жіберді

Турнирдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Швейцария құрамасымен бірінші орын мен элиталық дивизион жолдамасын сарапқа салған маңызды кездесуде мұз айдынына шықты. Тартысты өткен матчта Қазақстан құрамасы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл нәтиже қазақстандық команданы элиталық дивизионға шығу мүмкіндігінен айырды. Себебі ұпай саны тең болған жағдайда өзара кездесудің нәтижесі есепке алынады. Ал бұл көрсеткіш бойынша Швейцария басым түсті.

Қазақстан турнир кестесінде екінші орында тұр

Төрт матчтан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 9 ұпай бар. Команда турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал 12 ұпай жинаған Швейцария көш бастап келеді.

Соңғы турдың нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынды сақтап қалатынын нақтылап қойды.

Осыған дейін қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионатын өте сәтті бастап, бірқатар қарсыласын ірі есеппен ұтты. Атап айтқанда:

  • Венгрия — 5:2
  • Польша — 10:2
  • Украина — 5:3

Бұл жеңістер Қазақстан құрамасының турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін көрсетті.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы ойынын 24 сәуір күні өткізеді. Қарсылас — Словения құрамасы. Матч Астана уақытымен 15:30-да басталады.