ӘЧ-2026: Ұлттық құраманың жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық команда Польшадағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. 

ӘЧ-2026: Ұлттық құраманың жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар жарияланды
icehockey.kz

Қазақстан хоккей құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты (IA дивизионы) алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынына (ОЖЖ) шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. Дайындық аясында команда Словения құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді.

Хоккейшілер құрамы

Ұлттық құраманың қақпасын қорғайтын ойыншылар:

  • Никита Бояркин (“Барыс”, ҚХЛ)
  • Андрей Шутов (“Барыс”, ҚХЛ)
  • Владислав Нурек (“Горняк”, Рудный)

Қорғаныс шебі

  • Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — "Барыс")
  • Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин ("Номад", Астана)
  • Фёдор Хорошев ("Торпедо", Өскемен)
  • Эдуард Михайлов ("Сарыарқа", Қарағанды)

Шабуыл шебі

  • Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (барлығы — "Барыс")
  • Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко ("Номад", Астана)
  • Аркадий Шестаков ("Адмирал", ҚХЛ)

Құраманы келесі мамандар дайындайды:

  • Бас бапкер — Талғат Жайлауов
  • Жаттықтырушы — Константин Пушкарёв
  • Қақпашылар жаттықтырушысы — Александр Кудрявцев
  • Дене дайындығы жаттықтырушысы — Игорь Елисеев