Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі

Польшадағы Тыхы қаласында өткен жолдастық матчта қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында жеңіске жетті
instagram/@kazakhstanicehockey

Алғашқы шайбаны Словения соқты

Кездесудің алғашқы кезеңдерінде қос команда да сақ ойнап, есеп біраз уақытқа дейін ашылмады. Матчтағы бірінші шайбаны словениялықтар соқты. 35-минутта Марк Север Май Кренкичтің пасынан кейін қақпаны дәл көздеді.

Бірақ Қазақстан құрамасы үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. 39-минутта Дмитрий Бреус шайба соқты. Бұл сәтте оған Всеволод Логвин нәтижелі пас берді.

Старченко жеңіс шайбасын соқты

Матч тағдыры үшінші кезеңнің соңында шешілді. 58-минутта Қазақстан құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Роман Старченко шешуші шайбаның авторы атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Словенияны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионаты алдындағы дайындық кезеңінде маңызды жеңіске жетті. 

Әлем чемпионатында кімдермен ойнайды?

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында IA дивизионында өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың қарсыластары:

Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамалары болады.

Турнир 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді.