
"Барыс" өз мұзайдынында Қазанның "Ақ Барысына" қарсы ҚХЛ матчында ауыр жеңіліске ұшырады.
Кездесу алдында букмекерлер мен сарапшылар ресейлік команданы айқын фаворит ретінде санады. Ойын барысында бұл болжам толықтай расталды.
"Ақ Барыс" бірінші кезеңде екі рет мергендік танытты. Екінші жиырма минуттықта да олар сол қарқынын жалғастырып, есеп айырмасын арттыра түсті. Үшінші кезеңде қазандықтар тағы төрт шайба соғып, матчты 8:0 есебімен сенімді жеңіспен аяқтады.
"Барыс" (Астана) – "Ақ Барыс" (Қазан) 0:8 (0:2, 0:2, 0:4)
0:1 – 12:24 | Семенов (Лямкин) – көпшілікте
0:2 – 15:09 | Барабанов (Фальковский) – тең құрамда
0:3 – 31:42 | Терехов (О'Делл, Фальковский) – тең құрамда
0:4 – 35:59 | Яшкин (Барабанов, Терехов) – тең құрамда
0:5 – 40:37 | Барабанов – тең құрамда
0:6 – 50:44 | Семенов (Марченко, Барабанов) – тең құрамда
0:7 – 55:57 | Кателевский (Миллер, Дыняк) – тең құрамда
0:8 – 58:58 | Фальковский (Сафонов) – тең құрамда
Астаналық клуб 22 наурызда чемпионаттағы соңғы кездесуінде Уфаның "Салават Юлаев" хоккейшілерін қабылдайды.