Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барыс» – жыл сәтсіздігі

Редактор Penalty.kz
19.03.2025, 16:50

ҚХЛ-дың бұрынғы шабуылшысы, Гагарин Кубогының иегері Михаил Анисин «Барысты» биылғы маусымның басты аутсайдері деп атады.

NUR.KZ
NUR.KZ

ҚХЛ-дың бұрынғы шабуылшысы, Гагарин Кубогының иегері Михаил Анисин «Барысты» биылғы маусымның басты аутсайдері деп атады. Ол клубтағы бапкерлік ауыс-түйістерді сынға алып, Вячеслав Буцаевтың отставкасы команданың нәтижесіне кері әсер еткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында айтты. 

Бапкерлік ауыс-түйістер команданы әлсіретті

«Вячеслав Буцаевпен болған жағдайды түсінбедім. Ол – жоғары деңгейлі маман, мен онымен бірге жұмыс істедім, жақсы білемін. Бірақ оны небәрі үш аптадан кейін жұмыстан шығарды. Ал жағдай енді ғана тұрақтала бастаған еді. Егер Буцаев қалғанында, команда плей-оффқа шығуға мүмкіндік алар еді. Бірақ оның кеткенінен кейін «Барыс» тек өз орнын сақтаумен ғана шектелді», – деді Анисин.

Легионерлер мәселесі де соққы болды

Биылғы маусымда «Барыс» екі бас бапкерін ауыстырғанымен, нәтиже жақсармады. Анисин сондай-ақ легионерлерге байланысты мәселелерді де көтерді.

«Ресейлік ойыншылардың Қазақстан азаматтығынан айырылып жатқанын көрдік. Оның соңы не болғанын бәрі біледі. Бірақ бұл – клуб басшылығының шешімі. Олардың өз көзқарасы бар», – деп түйіндеді ол.

Маусымдағы сәтсіздік

ҚХЛ-дің биылғы маусымының қорытындысы бойынша «Барыс» плей-офф аймағына өте алмай, турнир кестесінің соңғы орындарының бірінде қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір