
Алматының "Айсұлу" хоккей клубы Еуропа әйелдер хоккей лигасының (EWHL) биылғы маусымындағы алғашқы финалист атанды.
"Айсұлу" командасы жартылай финалдың екінші ойынында Италияның "EVB Eagles" (Оңтүстік Тироль) клубынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Алайда алғашқы кездесуде 3:0 есебімен сенімді жеңіске жеткен алматылықтар қос матч қорытындысында финалға жолдама алды.
Қазақстандық хоккейшілер Еуропа лигасының чемпионы атағы үшін Австрияның "Сэйбрс" (Санкт-Пельтен) командасымен кездеседі.
Австриялық клуб жартылай финалда Словакия чемпионатының көшбасшысы "PSRZ" (Братислава) командасын жарыстан шығарды.
"Айсұлу" сапында Қазақстан әйелдер құрамасының 8 хоккейшісі өнер көрсетеді. Олар ақпан айында Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды.
Команда мүшелері:
Қорғаушылар:
Шабуылшылар: