"Барыс" бір күнде екі мәрте жеңілді: 14 шайба жіберіп алды
Астананың "Барыс" хоккей клубы Мәскеуде өтіп жатқан Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) 3x3 форматына арналған 13-тур аясында екі ойында қатарынан жеңіліс тапты.
13-турдың кезекті жарыс күнінде "Барыс" екі қарсыласпен кездесті:
-
Новосібірдің "Сибирь" командасы
-
Қазанның "Ак Барс" клубы
1-ойын: "Барыс" – "Сібір" 3:5
Қарқынды өткен кездесуде астаналық ұжым 3:5 есебімен жеңілді.
"Барыс" сапында гол авторлары:
-
Абай Маңғысбаев
-
Станислав Александров
-
Станислав Филипенко
2-ойын: "Барыс" – "Ақ Барыс" 0:9
Екінші матчта қазақстандық команда ірі есеппен жеңіліп, қарсыластың қақпасына бірде-бір шайба соға алмады.
0:9 – бұл турнирдегі ең ауыр жеңілістердің бірі.
Қазіргі уақытта "Барыс" "Фонбет" тобының соңғы орнында тұр. Команданың еншісінде бар болғаны 19 ұпай.
"Барыс" 13-турдағы соңғы кездесуін ертең, Омбының "Авангард" клубына қарсы өткізеді.