
Астананың "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) маусымдағы соңғы ойынын Уфаның "Салават Юлаев" командасына қарсы өткізді.
Алғашқы кезеңде қарсылас екі шайбаны жауапсыз соқты. Екінші кезеңде тек Аслан Жүсіпбековтің бір шайбасы үміт отын жаққандай болды. Бірақ соңғы жиырма минутта қазақстандықтар қарсылас шабуылдарына төтеп бере алмай, тағы екі шайба жіберіп алды.
Осылайша “Барыс” ҚХЛ тарихындағы ең сәтсіз маусымын аяқтады. Астаналық ұжым алғаш рет лигадағы ең соңғы орынға ие болды.
“Барыс” (Астана)– “Салават Юлаев” (Уфа) 1:4 (0:2, 1:0, 0:2)
Шайбалар:
0:1 — 10:47 Хмелевский (Ремпал). Тең құрамда
0:2 — 17:04 Ремпал (Хмелевский). Тең құрамда
1:2 — 25:32 Жүсіпбеков (Хохлов, Кайыржан). Тең құрамда
1:3 — 50:12 Ливо. Тең құрамда
1:4 — 55:41 Уилсон (Тодд, Ливо). Басымдықпен