"Барыс" ең қымбат легионермен қоштасады – инсайдерлік ақпарат
Астаналық "Барыс" клубы ресейлік шабуылшы Дамир Жафяровпен келісімшартты ұзартпайды.
Инсайдерлік деректерге сүйенсек, Жафяровтың "Барыспен" келісімі 31 мамырда аяқталады және клуб оны ұзартуға ниетті емес. Бұған басты себеп – ойыншы мен бапкер арасында сенімсіздік орнауы.
"Бапкер ойыншыға сенбейді, ал ойыншы бапкерге. Мұнда өзара түсініспеушілік бар секілді", – делінген хабарламада.
31 жастағы ресейлік хоккейші биылғы маусымда бар болғаны 27 матчқа қатысып, 1 шайба салып, 4 нәтижелі пас берген. Бұл – 68 ойынның тек үштен бірі ғана.
"Спорт-Экспресс" мәліметінше, Жафяров "Барыстағы" ең жоғары жалақы алған хоккейші болған. Оның маусымдық табысы 50 миллион рубль (шамамен 299 миллион теңге).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.