Азия чемпионатында Қазақстан намысын екі африкалық жеңіл атлет қорғайды
27–31 мамыр аралығында Кореяның Гуми қаласында өтетін жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 18 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында кениялық текті спортшылар — Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей де бар.
instagram/@qazathletics
Соңғы жылдары Қазақстан құрамасына Азия жарыстарында медаль сыйлап жүргендердің басым бөлігі — әйелдер. Бұл үрдіс биылғы чемпионатта да жалғасады. Қазақстан әйелдер құрамасы 18 спортшыдан құралған және ол ең ауқымды делегациялардың бірі.
Жарысқа қатысатын спортшылар тізімі:
- Екатерина Авдеенко (Шымкент) – жетісайыс
- Виктория Ан (Алматы) – 200 м, 400 м, 4х400, 4х400 микс
- Юлия Башманова (ШҚО) – 100 м кедергілермен
- Аяна Болатбекқызы (Жетісу обл.) – 1500 м
- Нора Джеруто (ШҚО) – 3000 м кедергілермен
- Дейзи Джепкемей (ШҚО) – 5000 м және 10000 м
- Надежда Дубовицкая (ШҚО) – биіктікке секіру
- Мария Ефремова (Қарағанды обл.) – үш қарғып секіру
- Александра Залюбовская (Павлодар обл.) – 400 м, 4х400, 4х400 микс
- Аделина Земс (Қарағанды обл.) – 400 м кедергілермен, 4х400
- Кристина Кондрашова (Астана) – 4х400, 4х400 микс
- Елизавета Матвеева (ШҚО) – биіктікке секіру
- Анастасия Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа секіру
- Ольга Сафронова (Павлодар обл.) – 100 м, 200 м, 4х400, 4х400 микс
- Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) – 20 км спорттық жүріс
- Антонина Чернышова (СҚО) – 100 м кедергілермен
- Алина Чистякова (Қарағанды обл.) – жетісайыс
- Анна Шумило (Қарағанды обл.) – 4х400 м эстафета
Қазақстан әйелдер командасы бұл жолы лақтыру (найза, диск, балға) және ядро итеру мен сырықпен секіру сынды сайыстарда өкілсіз қалады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet