Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ел намысын қорғады, бірақ сыйақысыз қалды: Назым Қызайбай шындықты айтты!

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 19:20

 Париж Олимпиадасында қола медаль иеленген қазақстандық боксшы Назым Қызайбай мемлекет тарапынан уәде етілген 75 мың доллар көлеміндегі сыйақы мен Алматы әкімдігі ұсынған пәтер кілтіне әлі күнге қол жеткізе алмай жүр. 

golos-naroda.kz
golos-naroda.kz

"Бәрі уәде еткенмен, ештеңе берілмеді"

Назым Қызайбай Олимпиададан кейінгі уәделердің орындалмауы туралы ашық айтты:

“Мемлекет Олимпиададағы қола медаль үшін 75 мың доллар төлеуі тиіс болатын. Бірақ бұл сыйақы әлі аударылған жоқ. Өзге жүлдегерлер де алмады деп ойлаймын – ешкім алыпты дегенді естігенім жоқ”, – деді спортшы сұхбатында.

Пәтер де тек сөз жүзінде қалды

Олимпиададан кейін Алматы әкімдігі Назымға пәтер сыйлайтынын хабарлап, сертификат табыстаған. Бірақ спортшы нақты қоныс тойының болмағанын айтады:

“Қала әкімдігі көлік пен ақшалай сыйлықты бірден берді. Бірақ пәтерді 1,5–2 айдан кейін тапсырамыз деді. Содан бері алты ай өтті. Жақында ғана хабарласып, "спортшылар түгел жиналған кезде кілт табыстаймыз" деді. Күтудеміз”, – дейді Назым.

Мәселе жүйелі түрде қайталануда

Назым Қызайбай – жалғыз емес. Олимпиада жүлдегерлерінің бірі ешбір спортшыға сыйақылар әлі берілмегенін растаған. Бұл жағдай ұлттық спортшылар арасында наразылық туғызып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір