Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында бесінші медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 12:42

Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші медаль еншіледі.

sportarena.kz
sportarena.kz

Бұл жолғы жүлдені Ақмола облысының 16 жастағы өкілі Кира Данилова еншіледі. Әлемдік доданың дебютанты 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 209 келі (94 кг – жұлқа көтеру, 115 кг – серпе көтеру) нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді.

Қазақ қызынан жоғары нәтиже көрсеткендер – ресейлік Дарья Кузнецова (210 кг – 93+117) және чемпион атанған қытайлық Жинвей Лин (231 кг – 100+131). Бірақ бұл нәтиже Кира үшін үлкен жетістік. Себебі бұл – оның әлемдік деңгейдегі алғашқы жүлдесі.

Айта кету керек, Кира бұған дейін 2024 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль алған.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар:

  • Бейбарыс Ерсейіт (61 кг, жастар) — алтын
  • Ксения Прозорова (59 кг, жастар) — алтын
  • Ернұр Мырзахмет (73 кг, жастар) — қола
  • Ерасыл Сәулебеков (81 кг, юниорлар) — қола
  • Кира Данилова (71 кг, жастар) — қола
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір