
Нұрлан Сабуров бокспен шұғылданса, Азамат Мұсағалиев футбол клубын басқарады, ал Archibaaalt жастарға арналған медиафутбол академиясын құрды.
Олар сахнада күлдіреді, ал сахнадан тыс уақытта — спортты дамытып жүр. Назарларыңызға тек әзілмен шектелмей, футбол, бокс және медиа саласында да өз іздерін қалдырып жүрген танымал қазақ комиктерін ұсынамыз.
ТНТ арнасындағы әйгілі «Stand Up» жобасының жүргізушісі Нұрлан Сабуров бала кезінен бокспен айналысқан. Степногорскіде өткен жарыстан кейін рингке ғашық болған ол жеті жыл бойы спортзал мен жарыс алаңдарын тастамаған.
Қазір де Сабуров жаттығуды тоқтатпаған. Хабиб Нурмагомедов оның спарринг видеосын көріп, жылдамдығына таң қалған. Петр Янмен де дос — тіпті UFC промоушенінің шараларына бірге қатысқан. Бір кездері рэпер MACAN-мен жекпе-жек өткізеді деген қауесет шыққан, бірақ ол тек әңгіме болып қалды.
«Камызяки» командасының бұл екі мүшесі 2022 жылы «10» ФК атты медиафутбол клубын құрды. Азамат — президент, ал Денис алғашқы кезде клубты жарнамалауға белсенді араласқан. Бүгінде клуб медиафутбол аренасында танымал командалардың бірі, бірақ трофейлер әлі жоқ.
Мұсағалиев футбол тақырыбындағы жобаларға қатысып, матчтарға белсенді араласады. Ал Дорохов биыл шахмат шоуын жүргізіп жүр — «Страсти по Фишеру», ал Азамат сол жобаға қатысушы ретінде шақырылған.
Артур Аскарұлы (Archibaaalt) — Алматыда орналасқан SD Family жобасының негізін қалаған блогер әрі комик. Бұл тек футбол академиясы емес, спорт, медиа және креативті ойлауды біріктіретін платформа.
300-ден астам тәрбиеленуші
YouTube, TikTok, стористер арқылы контент
Медиа команда да бар — турнирлерге қатысады
2024 жылдың ақпанында Артур Qazaqstan Football League (QFL) лигасының креативті директоры болып тағайындалды. Ол футбол трансляцияларын жастарға қызықты етіп жеткізуді, визуалды және цифрлық өзгерістер енгізуді мақсат етеді.