Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Астана" шабандоздары "Джиро д’Италия" көпкүндігінде керемет нәтиже көрсетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.05.2025, 11:05

Велокөпкүндігінің 16-кезеңде "XDS Astana Team" ұжымы қос жеңіске ие болды. Кристиан Скарони мәреге бірінші келсе, таулы кезеңдер рейтингінің көшбасшысы Лоренцо Фортунато екінші орынға тұрақтады.

xds-astana.com
xds-astana.com

Сан-Валентино – биіктіктің сыны

Бұл кезең биылғы "Джироның" ең қиын таулы бағыттарының бірі болды. 203 шақырымға созылған жарыс жолында спортшылар төрт үлкен асуды бағындырды. Оның ішінде финалдағы 18 шақырымдық өр де бар.

Күннің басты шабуылы Карбонаре асуында басталды. "XDS Astana Team" шабандоздары — Лоренцо Фортунато, Кристиан Скарони және Фаусто Маснада алғашқы көтерілісте топтан ажырап, алға шықты. Жарыс бойында Фортунато барлық таулы межелерде бірінші келіп, көк майкадағы көшбасшылығын нығайта түсті.

Жеңістің тактикасы: бірлікте күш бар

Финалдық тауда Кристиан Скарони бастаған шабуыл шешуші сәтке айналды. Оған кейін Лоренцо Фортунато қосылып, екеуі қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. "XDS Astana Team" осылайша бірінші және екінші орынға ие болып, жарыс жанкүйерлеріне әсерлі көрініс сыйлады.

Скаронидің эмоциясы: "Бұл жеңіс — баршамыздың ортақ табысымыз" 

"Бүгінгі жеңіске әлі де сене алар емеспін! Бұл бүкіл команда үшін керемет күн болды. Бастапқыдан-ақ біз бір мақсатқа жұмылдық. Ол Лоренцоға (Фортунато) тау кезеңдері бойынша ұпай жинап беру және шешуші сәтте жеңіске жету. Бұл ұзақ әрі қиын кезең болды. Биік асулар маған онша сәйкес келмейді. Бірақ біз тактиканы дұрыс құрдық. Ақырында Лоренцо екеуміз шешуші шабуылды жасап, мәреге бірге жеттік.

Мен бұл жеңісті барша команда мүшелеріне, отбасым мен сүйіктіме арнаймын. Бұл – ортақ жеңіс!" — деп бөлісті Кристиан Скарони өз әсерімен.

XDS Astana Team бұл табысы арқылы «Джиро д’Италияда» мықты команда екенін тағы бір дәлелдеді. Алда шешуші кезеңдер бар, демек жанкүйерлерді әлі талай қызықтар күтіп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір