Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Көк тудың желбірегені: Қазақстанның алғашқы "алтыны" кімге бұйырды? (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 10:15

Қазақстан жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласындағы Азия чемпионатында алғашқы алтын медалін еншіледі.

olympic.kz
olympic.kz

Дейзи Джепкемей — 10000 метр қашықтықта Азия чемпионы

Қазақстан намысын қорғаған жеңіл атлет Дейзи Джепкемей 10000 метрге жүгіруде финалды сәтті аяқтап, жарыстың алтын жүлдегері атанды. Спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секунд нәтижесімен бағындырды.

Осылайша Джепкемей чемпионаттағы Қазақстанның медаль қоржынына алғашқы "алтынды" салды. Оның ізін ала мәреге жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32) екінші, ал тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) үшінші болып келді.

Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде

Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 20 шақырымға өткен жарыста қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде қазір екі жүлде бар — бір алтын, бір қола.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір