
4–10 шілде аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика манежінде ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша айқын көш бастады.
Егер чемпионаттың ресми спорттық көрсеткіштеріне, яғни екі сайыстағы (жұлқа + серпе) жалпы нәтиже бойынша қарасақ, қазақстандық зілтеміршілердің жеңісі даусыз:
Чемпионаттың әділ бағасын беру үшін ұйымдастырушылар жұлқа, серпе және қос сайыс нәтижелерін жеке-жеке есептеп, жас ерекшелігі бойынша да сараптама ұсынды:
Айта кету керек, ел намысын бұл жарыста 29 спортшы қорғады. Олар барлық салмақ дәрежесінде сенімді өнер көрсетіп, тек жеке шеберліктерімен емес, ұжымдық деңгейде де нәтижелі ойын көрсетті.
Азия чемпионатының келесі кезеңі Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.