Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан Висладағы әлем кубогында күміс жүлде алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
17.08.2025, 23:25

Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан жазғы шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Данил Васильев күміс медаль жеңіп еншіледі. 

olympic.kz
olympic.kz

Тарихи жетістік

Финалда Васильев 119.3 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Австриялық Никлас Бахлингер 129.5 балл иеленіп жеңімпаз деп танылды. Ал үздік үштікті Болгария спортшысы Владимир Зогфарски қорытындылады.

Олимпиада жолындағы қадам

Бұл табыс қазақстандық спортшыға 2026 жылы өтетін Милан Олимпиадасына лицензия алу жолында маңызды ұпай қосты. Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингінде де оның позициясы айтарлықтай нығаяды.

Бұған дейінгі көрсеткіштер

Айта кетсек, бұған дейін жазғы Гран-приде немесе әлем кубогында ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшы Сергей Такченко болған. Ол 2021 жылы Щучинск қаласындағы жарыста 6-орын алған еді.

Бапкер пікірі

Ұлттық құраманың бас бапкері Павел Васильев шәкіртінің өнерін жоғары бағалады:

"Бүгін біздің спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Данил қашықтыққа ұзақ секіріп қана қоймай, техникалық жағынан да таза қонды. Соның арқасында жүлделі орынға жеттік. Жазғы Гран-при деңгейі әлем кубогына теңестіріледі. Жарысқа қатысқан тағы бір спортшымыз Илья Мизерных та жаман емес нәтиже көрсетті, бірақ жүлдеге біршама жетпей қалды", – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір