
АҚШ-тың Юта штатында 22 жастағы баскетболшы, NCAA лигасында ойнаған Дэн Майар суға батып қайтыс болды.
Трагедия Херриман қаласында, Солт-Лейк-Ситидің оңтүстігінде орналасқан Блэкридж су қоймасында болған. Жас спортшы досымен бірге демалып жүргенде екеуі де суға түсіп, қиын жағдайға тап болған.
Досы жағаға шығып үлгергенімен Дэн Майар қайтадан суға кеткен. Досы оны құтқаруға тырысқанымен нәтиже болмады – баскетболшы тереңге батып кеткен.
Құтқарушылар арнайы іздеу жұмыстарын жүргізіп, спортшының денесін судан алып шықты. Оның жанындағы досы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ол толық айығып шығуы мүмкін.
Дэн Майар өткен маусымда Солтүстік Дакота университеті құрамасында ойнаған.
2025 жылдың жазында Небраска университетіне (Омаха) ауысатынын ресми жариялаған еді.
Жас форвардтың өлімі NCAA мен АҚШ баскетбол қауымдастығы үшін ауыр соққы болды.