Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Волейболдан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
26.08.2025, 19:19

Қазақстанның жастар құрамасы ӘЧ 1/8 финалға жолдама алып, үлкен жетістікке жетті. 

sportarena.kz
sportarena.kz

Оңтүстік Кореяға қарсы шешуші матч 

Қазақстандықтар топтық кезеңнің соңғы турында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Ойынға дейінгі жағдай мынадай болды:

  • 1-орын. Иран – 5 жеңіс, 0 жеңіліс (15:4)
  • 2-орын. Польша – 4 жеңіс, 1 жеңіліс (13:3)
  • 3-орын. Оңтүстік Корея – 2 жеңіс, 2 жеңіліс (8:9)
  • 4-орын. Канада – 2 жеңіс, 3 жеңіліс (8:11)
  • 5-орын. Қазақстан – 1 жеңіс, 3 жеңіліс (6:9)
  • 6-орын. Пуэрто-Рико – 0 жеңіс, 5 жеңіліс (1:15)

Қазақстан құрамасына плей-оффқа шығу үшін кез келген есеппен жеңіс қажет болды. 3:2 есебі төртінші орынға жеткізсе, 3:1 немесе 3:0 жеңісі үшінші орынға шығаратын еді.

Реванш уақыты келді

Айта кетейік, былтыр осы құрамдар U20 Азия чемпионатында кездесіп, онда Оңтүстік Корея 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Сол турнирде кореялықтар финалға дейін жетіп, тек Ираннан ұтылды.

Сол себепті бүгінгі матч алдында Корея фаворит саналды. Олар алғашқы сетте айқын басымдықпен жеңіп, мықтылығын бірден көрсетті.

Алайда қазақстандықтар нағыз мінез танытып, келесі үш партияны қатарынан жеңіп алды.

“Өмір матчы”– тарихи жеңіс

Қорытынды есеп: 3:1 (17:25, 25:23, 25:22, 25:22) – Қазақстан құрамасының пайдасына.

Бұл жеңістің арқасында біздің жігіттер В тобының үшінші орнына көтеріліп, сенсациялық түрде әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстанның 1/8 финалдағы қарсыласы жақын күндері белгілі болады. Жанкүйерлер жастар құрамасынан жаңа сенсация күтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір