
Шымкентте пневматикалық және стендтік ату бойынша Азия чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер жаңа рекорд тіркеді.
Ерлер арасында қозғалмалы нысанаға 10 метрлік қашықтықтан аралас жылдам ату сайысында Қазақстанның бірінші құрама командасы жеңімпаз атанды.
Құрама сапында:
Жас қазақстандықтар 1065 ұпай жинап, Азиядағы жаңа жасөспірімдер рекордын жаңартты.
Айта кетейік, Хусаинов, Ирназаров және Мусаев бұған дейін де жылдам атудан алтын медаль жеңіп алған болатын.
Жеңістен кейін Рамазан Хусаинов эмоцияларын бөлісті:
“Бұл — мен үшін де, біздің команда үшін де алғашқы Азия чемпионаты. Алғашқы күндері қатты қобалжыдық. Бапкерлер әрдайым кеңес беріп, қолдау көрсетті. Рекорд қойғанымызды да солардан білдік. Бұл біздің спорттағы ең ірі жетістігіміз болып отыр”.
Осыған ұқсас жарыста ересектер арасында да Қазақстан-1 құрамасы топ жарды. Команда мүшелері:
Азия чемпионаты барысында жасөспірімдер мен ересектер арасында 10-нан астам әлемдік және азиялық рекордтар жаңарды. Турнир 30 тамызға дейін жалғасады.