Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Шымкенттегі XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Спортты дамыту дирекциясы
Трап жаттығуындағы командалық қола
Аралас командалық сайыста Қазақстан-1 құрамасы сапында сынға түскен Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасын 38:34 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.
Тағы бір қола жүлде Қытайлық Тайбэй командасына бұйырды.
Азия чемпионатының жеңімпаздары
Алтын жүлде үшін жарыста Қытай-2 мен Кувейт-1 құрамалары үздік шықты.
Бұл медаль – Әлішер Айсалбаев үшін Азия чемпионатындағы ең алғашқы табысы, ал Айжан Досмағамбетова үшін екінші қола жүлде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet