
Бразилияның Пара штатында өткен аймақтық футзал турнирінде қайғылы жағдай болды. Қақпашы пенальти соққысын қайтарғаннан кейін кенеттен есінен танып, қайтыс болды.
Матч барысында қақпашы қарсыластың пенальтиін сәтті тоқтатты. Ол сейв жасаған соң қуанышпен қолын көтеріп, тойлаған еді. Алайда бірнеше секундтан кейін спортшы кенеттен құлап түсті.
Оқиға орнында жедел жәрдем шақырылып, футболшыны ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ өмірін сақтап қала алмады.
Қақпашының нақты өліміне не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ. Пара штатының футзал федерациясы ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасына және командаластарына қайғырып көңіл айтты.