Сенбі, 21 ақпанда Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында спорттың төрт түрі бойынша өнер көрсетеді.
Сағат 14:45-те фристайл-акробатикадан аралас командалық жарыстар басталады. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Роман Иванов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас сынға түседі. Жүлделер сарапқа салынатын финалдық кезең 15:45-ке жоспарланған. Тікелей трансляция "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі.
Шаңғышылар арасында 15:00-де 50 шақырымдық масс-старт өтеді. Бұл жарыста Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков бақ сынайды.
Ал 19:50-де конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старттың жартылай финалы өтеді. Оған Елизавета Голубева қатысады. Финал 21:15-те басталады. Аталған жарыстардың тікелей эфирін "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның 2026 жылғы Олимпиададағы қоржынында бір медаль бар. Ел қоржынына жалғыз алтынды мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салды. Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.