Норвегиялық шаңғышы бір Олимпиадада барлық жарыста алтын алды

Сарапшы, спорт журналисі

Йоханнес Клэбо Милан және Кортина-д’Ампеццодаға Қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық классикалық стильдегі марафонда топ жарды. Осылайша ол 11 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Норвегиялық шаңғышы бір Олимпиадада барлық жарыста алтын алды
rtvslo.si

50 км марафон нәтижесі

Клэбо 50 шақырымды 2 сағат 06 минут 44,8 секундта еңсерді. Жүлделі орындардың барлығы дерлік норвегиялықтардың еншісінде қалды:

  1. Йоханнес Клэбо — 2:06:44,8
  2. Мартин Нюэнгет — +8,9 сек
  3. Эмиль Иверсен — +30,7 сек

Бір Олимпиададағы "алтын жаңбыр": Клэбо тарихқа кірді

29 жастағы Клэбо Италиядағы Олимпиадада бұған дейін де бірнеше дисциплинада алтын алған. Ол скиатлонда, спринтте, жеке жарыста, эстафетада, командалық спринтте және 50 км марафонда жеңіске жетіп, бір Қысқы Олимпиадада 6 алтын медаль алған алғашқы спортшы ретінде рекорд жаңартты.

Клэбоның Олимпиададағы олжасы бұнымен шектелмейді:

  • Пхенчхан-2018: 3 алтын
  • Бейжің-2022: 2 алтын

Осы көрсеткіштерімен ол Қысқы Олимпиада тарихында алтын медаль саны бойынша ерекше рекордқа ие спортшылардың қатарын кеңейтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір